22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыҚазақстан Журналистер одағының 2023 жылғы байқауының жеңімпаздары мен биылғы жылы Қазақстанның құрметті журналисті атағын алған БАҚ өкілдері анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында жыл сайынғы дәстүр бойынша өткізілген байқаудың жеңімпаздарын Қазақстан Журналистер одағының төрағасы Сейітқазы Матаев құттықтады:
Құрметті әріптестер! Сіздерді келе жатқан мереке – БАҚ қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын! Қазақстан Журналистер одағы кәсіби мерекемізге арналған дәстүрлі байқаудың қорытындысын шығарды және мен біздің аспанымызда отандық жарық жұлдыздар – талантты, шығармашыл және кәсіби деңгейі жоғары журналист-патриоттардың жаңа есімдері жанғанына өте қуаныштымын! Биылғы байқауда түрлі деңгейдегі оқиғаларды қамтудың күрделі міндеттерін қоюға және шешуге, сыни жағдайлардан шығу жолдарын талдауға және іздеуге қабілетті жаңа есімдер, жобалар мен шығармашылық ұжымдар анықталды. Құрметті әріптестер мен достар! Бай және гүлденген мемлекетте өмір сүру және жұмыс істеу үшін жаңа Қазақстанды қазір және бірге тұрғызайық! Баршаңызға білімге құштарлық, жаңа ашылымдар, биік самғау және асқақ арман тілеймін, - деп, өзінің жүрекжарды ізгі тілегін білдірді.
Сонымен, Қазақстан Журналистер одағының 2023 жылғы байқауының лауреаттары атанғандар:
Арнайы сыйлықтармен марапатталғандар:
Қазақстан Журналистика академиясының Олжас Сүлейменов атындағы халықаралық сыйлығы «Казахстанская правда» газетінің публицисті Елена Брусиловскаяға берілді.
Халықаралық журналистика саласында Юлдаш Азаматов атындағы сыйлық Сәуле Ахметоваға («Мысль» журналы) берілді.
Сонымен қатар, 2023 жылғы «Қазақстанның құрметті журналисі» атағын алғандар да белгілі болды:
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев