13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңызҚазақстанда 2026 жылы көлік иелеріне қойылатын талаптар өзгеріссіз қалды. Бұл ережелер ең алдымен жүргізуші мен жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Егер көлікте міндетті жабдықтар болмаса, жүргізушіге айыппұл салынуы мүмкін.
Қазақстан заңнамасына сәйкес әрбір жүргізушінің көлігінде мынадай негізгі қауіпсіздік құралдары болуы тиіс:
Бұл заттардың тек бар болуы ғана емес, жарамды күйде болуы да маңызды. Мысалы, мерзімі өткен дәрі қобдишасы немесе бос өрт сөндіргіш жоқпен тең саналады.
Егер көлік белгіленген талаптарға сай болмаса, бұл ӘҚБтК-нің 590-бабы 5-бөлігіне сәйкес құқықбұзушылық болып есептеледі. Мұндай жағдайда 5 АЕК көлемінде айыппұл қарастырылған. 2026 жылы бұл – шамамен 21 625 теңге.
Көліктегі дәрі қобдишасы алғашқы көмек көрсетуге арналған негізгі заттармен толық жабдықталуы керек. Оның ішінде:
Қобдишадағы заттардың жарамдылық мерзімін үнемі тексеріп отыру қажет.
Жеңіл көліктер үшін көлемі кемінде 2 литр болатын бір өрт сөндіргіш болуы тиіс. Ең көп қолданылатын түрлері:
Сатып аларда мына жайттарға назар аудару керек:
Техникалық байқау кезінде әдетте:
Полиция қызметкері жүксалғышты себепсіз ашуды талап ете алмайды. Тексеру тек заңды негіз болған жағдайда жүргізіледі: құқықбұзушылық, арнайы іс-шара, бағдарлама немесе жүргізушінің келісімімен. Мұндай тексеру куәгерлердің қатысуымен немесе бейнетіркеумен рәсімделуі тиіс. Көліктегі бос жүксалғыш кейде бос әмиянға айналуы мүмкін. Сондықтан қажетті жабдықтарды алдын ала тексеріп, жарамды күйде ұстап жүрген жөн. Бұл тек айыппұлдан емес, төтенше жағдайда қауіптен де қорғайды.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды