Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыОралда жүргізуші куәлігінсіз және нөмірсіз жүрген 21 жастағы тұрғын ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz телеграм каналына сілтеме жасап.
Ер адам "Prizma stop" бағдарламасының көмегімен құрықталды. Жол ережесін бұзғаны үшін жалпы айыппұл сомасы шамамен 700 мың теңгені құрады.
Lada Kalina автомашинасының жүргізушісі жасаған жол қозғалысы ережелерін бұзған құқық бұзушылықтар БҚО ПД Жедел басқару орталығы қызметкерлерінің назарына ілікті.
Полицейлер ұстау әрекеті кезінде көлік жүргізген жігіт жасырынуға тырысып,тіпті ұсталған кезінде қарсылық көрсеткен. Белгілі болғандай, жас жігіттің жүргізуші куәлігі болмаған.
Құқық бұзушыға қатысты ӘҚБтК-нің 612-бабы 4-бөлігі және ӘҚБтК-нің 590-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.
Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар