Жаңалықтар

Жүргізуші куәлігінен айырылып қалмау үшін нені білу керек?

29.06.2026 12:11
Диана Орынбасар
Фото: Фото: коллаж AI / El.kz

Қазақстанда жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін жаза тек айыппұлмен шектелмейді. Кейбір өрескел құқық бұзушылықтар жүргізушіні көлік басқару құқығынан бірнеше жылға, тіпті өмір бойына айыруы мүмкін. El.kz Қазақстанда қандай жағдайда жүргізуші куәлігінен айырылуға болатынын саралап көрді.

Мас күйінде көлік жүргізгендерге қандай жаза қарастырылған?

 Қылмыстық кодекстегі 345-1-бапқа сәйкес, алкогольдік, есірткілік немесе өзге де масаң күйде көлік жүргізіп, жол қозғалысы ережесін бұзған азаматтар қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Аталған баптың алғашқы үш бөлігі бойынша сот жүргізушіні көлік басқару құқығынан 10 жылға дейін айыруы мүмкін.

Ал баптың төртінші бөлігінде ең қатаң жаза көзделген – көлік құралын басқару құқығынан өмір бойына айыру.

Құқығынан айырылған адамның қайтадан рөлге отыруы

Қылмыстық кодекстің 346-бабы бұдан да қатаң жауапкершілікті қарастырады. Бұл норма жүргізуші куәлігінен айырылғанына қарамастан мас күйінде көлік басқарған адамдарға қатысты қолданылады. Сонымен қатар көлігін осындай адамға басқаруға берген немесе оған көлік жүргізуге мүмкіндік жасаған тұлғалар да жауапқа тартылады.

346-баптың барлық бөліктерінде көлік басқаруға байланысты қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыру жазасы қарастырылған. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, әрбір жол-көлік оқиғасы нақты мән-жайларға, құқық бұзушылықтың сипатына және оның салдарына қарай жеке қаралады.

Тағы қандай жағдайда бірнеше жылға көлік жүргізу құқығынан айырылуға болады?

Қылмыстық кодекстегі бірқатар баптар бойынша да жүргізушілер ұзақ мерзімге көлік басқару құқығынан айырылуы мүмкін. Мәселен, Қылмыстық кодекстің 345-бабы (Жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу) бойынша:

Ал 347-бапқа сәйкес жол-көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалған адам 3 жылға дейін көлік жүргізу құқығынан айырылуы мүмкін. Дәл осындай жаза теміржол, әуе, теңіз немесе өзен көлігі қозғалысының қауіпсіздігіне қатысты ережелерді бұзғандарға да қолданылады. Бұл Қылмыстық кодекстің 344-бабында көзделген.

Сонымен қатар көліктің техникалық жай-күйіне жауапты тұлғалар сапасыз жөндеу жүргізгені немесе техникалық ақауы бар көлікті пайдалануға жібергені үшін 348-бап бойынша 5 жылға дейін белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айырылуы мүмкін. Ал жүргізуші куәлігі жоқ адамды көлік басқаруға жіберген тұлғаларға 349-бапқа сәйкес 3 жылға дейін шектеу қойылуы мүмкін.

Жалпы алғанда, құқық бұзушылықтың салдары ауырлаған сайын жаза мерзімі де ұлғаяды. Көлікке қатысты қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша ең жоғары мерзім көбіне жеті жылды құраса, өмір бойына айыру жазасы ең ауыр жағдайларда ғана қолданылады.

Әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін қандай жаза бар?

Көлік жүргізу құқығынан айыру тек қылмыстық істер бойынша ғана емес, әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін де қолданылады.

Алты айдан бір жылға дейін

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 606-бабының 2-бөлігіне сәйкес, авариялық жағдай туғызған жүргізуші алты айға көлік басқару құқығынан айырылуы мүмкін. Сондай-ақ:

596-баптың 4-1-бөлігі, 607-баптың 3-бөлігі және 610-баптың 2-бөлігі бойынша жүргізуші тоғыз айға дейін көлік басқару құқығынан айырылуы мүмкін. Бұл ретте 610-бап жол қозғалысы ережелерін бұзу салдарынан адамның денсаулығына зиян келтірілген немесе мүлікке зақым келген жағдайларға қатысты қолданылады.

Ал көлік құралдарын пайдалану талаптарын бұзғаны үшін (590-баптың 2-1 және 4-бөліктері), сондай-ақ жол-көлік оқиғасынан кейін жүргізушінің міндеттерін орындамағаны үшін (611-баптың 2-бөлігі) бір жылға дейін жүргізуші куәлігінен айырылуы мүмкін. Осындай жаза 613-баптың 3-бөлігінде де көзделген.

Мас күйінде көлік жүргізгендер 9 жылға дейін құқықтан айырылуы мүмкін

Әкімшілік кодекстегі ең қатаң санкциялар мас күйінде көлік жүргізген азаматтарға қатысты қолданылады. 608-бапқа сәйкес:

Сондай-ақ полиция қызметкерлерінің заңды талаптарын орындамаған немесе медициналық куәландырудан өтуден жалтарған жүргізушілер де қатаң жауапкершілікке тартылады.

613-бапқа сәйкес:

Қазақстанда жүргізуші куәлігінен айыру мерзімі құқық бұзушылықтың сипаты мен салдарына қарай алты айдан өмір бойына дейін созылуы мүмкін. Ең қатаң жаза мас күйінде көлік жүргізгендерге және жүргізуші куәлігінен айырылғанына қарамастан қайтадан рөлге отырған азаматтарға қолданылады. Сондықтан жол қозғалысы ережелерін сақтау тек айыппұлдан құтылудың ғана емес, жүргізуші куәлігін сақтап қалудың да басты шарты болып қала береді.

Оқи отырыңыз