18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?Шығыс Қазақстан облысы Зайсан қаласының тұрғыны көлік жүргізу құқығынан айырылғанына қарамастан арада бір ай өткен соң қайта рөлге отырған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Полицейлер патрульдеу кезінде орта дәрежелі мас күйде «ВАЗ» маркалы автокөлікті басқарған қаланың 31 жастағы тұрғынын анықтады. Тексеру барысында жүргізушіні сот 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырғанына тура бір ай өткені белгілі болды. Бірақ бұл оның қайтадан рульге отыруына кедергі келтірмеген.
Қазіргі уақытта көлік мамандандырылған автотұраққа қойылды.
ШҚО Полиция департаментінің мәліметінше, көлік құралын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік масаң күйде болған адамның көлік құралын басқару фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Айта кетсек, жыл басынан бері өңірде 100-ден астам жүргізуші мас күйде рөлге отырған. Оның 3-уібұған дейін көлік құралын басқару құқығынан айырылған.
Оқи отырыңыз:
18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?14 Маусым, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?8 Маусым, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр