Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыКөкшетауда 52 жастағы тұрғынның өліміне байланысты екі бірдей қылмыстық іс қозғалды. Рөлде отырған әйел де, оның күйеуі де жазадан қашып құтыла алмайды.
Көкшетау қаласында болған жол-көлік оқиғасына қатысты тергеу жұмысы жүріп жатыр. Полиция департаментінің хабарлауынша, бірінші рөлде отырған әйелге, екінші автокөлік иесіне қатысты екі қылмыстық іс қозғалған. Тергеу барысында әйелдің көлік жүргізу құқы болмағаны анықталды.
Тергеу барысында күдіктінің көлік жүргізуге құқығы болмағаны анықталды. Ол арнайы жүргізуші курстарынан да өтпеген, – деп хабарлады полиция.
Кейіннен анықталғандай, жүргізушінің күйеуі тиісті куәлігі жоқ адамға көлікті тізгіндеуге рұқсат бергені үшін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Ал Көкшетау қаласының мамандандырылған тергеу соты күдікті әйелді үйқамаққа алу туралы шешім шығарды.
Естеріңізде болса, оқиға 9 мамыр күні Көкшетаудағы Сарыарқа шағынауданындағы көпқабатты үйдің ауласында болады. Көліктегі адамдар әйелді тротуар маңында қағып, артынан басып-жаншып өтеді. Осы жол-көлік оқиғасының видеосы әлеуметтік желіде тарап, халық дүрлікті. Оқиғаға куә болған тұрғындар аулаға кіріп-шығатын жолдың аздық ететінін айтып, қосымша іс-шара жүргізу керегін айтып дабыл қақты.
Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек