Бүгiн, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһарыҰлыбританияда 64 жастағы Стив Далтонның жүрегі 45 минутқа тоқтап қалған. Дегенмен дәрігерлердің үмітсіз болжамына қарамастан, ол есін жиып, толықтай қалпына келген. Бұл туралы Need to Know басылымына сілтеме жасай отырып El.kz интернет порталы хабарлайды.
Оқиға кезінде Далтон қызына көмектесіп, балаларға арналған ойын алаңын салып жатқан. Саябақта жұмыс істеп жүріп, ол кенеттен есінен танып қалған. Жүрек талмасы ұстап қалғанын аңғарған 40 жастағы ұлы дереу алғашқы көмек көрсетіп, 8 минут бойы жасанды тыныс беріп отырған.
Дәрігерлер келгеннен кейін де Далтонды аман алып қалу үшін үш сағат бойы күрескен, алайда нәтиже болмаған. Медициналық бригада оның жүрегі 45 минут бойы соқпағанын айтып, реанимацияның сәтсіз аяқталғанын хабарлаған. Қызы Кейт тіпті әпкесіне хабарласып, әкесінің қайтыс болғанын естірткен.
Алайда ауруханаға жеткізілген соң, Далтон жасанды комаға түсірілді. Дәрігерлер туыстарына:
Тірі қалу ықтималдығы небәрі 2%. Егер тірі қалса да, миына қайтымсыз зақым келуі мүмкін, – деп ескерткен.
Туыстары сол түні үйлеріне қайтып кеткен. Бірақ таңертең медбике науқастың қозғала бастағанын байқап, оны туыстарына хабарлаған. Сол күні Далтон комадан шыққанда бірден туыстарын таныған, ал екі күннен кейін сөйлей бастаған.
Бүгiн, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһарыБүгiн, 11:03
Дәрігерлерді қорғаудың жаңа жолы: Қазақстанда кімдерге 13 млн теңге төленедіКеше, 18:14
АПВ-ға қарсы вакцина жүктілікке қалай әсер етеді? Ғалымдар зерттеу нәтижесін жариялады13 Қазан, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынады