22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыҚызметте харассментке ұшыраған қызметкерлер енді Еңбек кодексімен қорғалуы мүмкін. «31 арна» мәліметінше, жұмыста қыз-келіншектерге қырындайтындарды жазалайтын бап кеңейтіле түспек, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Еңбек кодексінде жазылатын харассмент ұғымы тек еңбек ұжымдарын ғана емес, университеттер мен қоғамдық орындардағы еркінен тыс тиісуді де қадағалайды.
Мәжіліс депутаты Жұлдыз Сүлейменова Еңбек кодексіндегі баптың кеңейтілуі үшін бірқатар жұмыс атқарылып жатқанын айтты.
Енді Еңбек кодексінде харассмент деген ұғым болады. Қазір «қоғамдық жерлерде тиісу» деген бап бар. Әкімшілік құқықбұзушылықтың аясында соны кеңейтіп қараймыз, – деді ол.
Бұл бастаманы қоғам арасында қолдаушылар көп. Олар еңбек жолында әйелдердің құқығы қорғалуға тиіс деп есептейді. Ал мамандар қоғамда жиі кездесетін оқиғаларға тосқауыл қою үшін заңмен тыйым салу қажет деп санайды. Өйткені басшының басынуы, жыныстық қатынасқа мәжбүрлеу іс жүзінде өте сирек қаралады екен.
Әлемдік тәжірибеге қарасақ, ер адамның оғаш көзқарасының өзі харассмент саналады. Тіпті сол үшін соттасып жатқандар да бар. Ал бізде, өкінішке қарай, мұндай жағдайларға жауапкершілік жоқ. Сондықтан қазір заң жобаларын реттеп, қадағалау қажет. Жақын уақытта болмаса да болашақта оның оң нәтижесі міндетті түрде болады, – деді заңгер Жангелді Сүлейменов.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев