Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыCareer Enbek сайтында жұмыссыз азаматтардан кәсіптік біліктілігін тану үшін ваучерлер алуға өтінімдер қабылдау басталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ЕХӘҚМ мәліметінше, бұл бастама жұмыспен қамтуға жәрдемдесуге, азаматтардың кәсіби дамуын қолдауға және олардың еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған.
Өтінімдерді өңдеуді және консультациялық қолдауды барлық кезеңдерде еңбек мобильділігі орталықтары жүргізетін болады.
Бір реттік ваучер кәсіби біліктілікті тану рәсімінен өтуге және азаматтың тиісті дағдылары мен тәжірибесінің болуын растауға мүмкіндік береді, бұл жұмысқа орналасуды жеңілдетуге көмектеседі, - делінген мәліметте.
Ваучерлерді кәсіптік біліктілікті тану орталықтары қабылдайды, бұл жұмыссыз тұлғаларға рәсімнен тегін өтуге мүмкіндік береді.
Ваучер алу үшін азаматтың ресми «Жұмыссыз» мәртебесі болуы, Career Enbek платформасында тіркелуі және жеке кабинет арқылы онлайн өтініш беруі қажет.
Өтінімдер осы жылдың 15 қазанына дейін қабылданады.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары