Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекЖұмысшы мамандықтар жылы аясында Павлодарда республикалық жастар форумының қатысушылары «Jastar-X» республикалық диалог алаңына қатысты. Іс-шара Жастар бастамаларын дамыту орталығы базасында өтті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Кездесу барысында спикерлер мен қатысушылар заманауи трендтерді және жұмыс орындарындағы өзекті мәселелерді талқылады.
Пікірталас модераторы өңірдің қоғамдық белсендісі Азат Бусурманов болды.
Шараға түрлі кәсіби салалар мен іскерлік орта өкілдері қатысты. Олардың қатарында «Халықаралық бағдарламалар орталығы» ЖШС басқарма төрағасы Әділ Миратұлы Құсманов, «Bibigul Tuligenova Creative School» бас директоры Арнұр Жұмаханұлы Мәденов болды. Сондай-ақ фермер және «Dala Camp» жобасының негізін қалаушы Жәнібек Болатұлы Кенжебаев, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңес мүшесі, Павлодар қалалық мәслихатының депутаты Гүлзира Нұржанқызы Атабаева да пікірталасқа атсалысты.
Кездесуде лор-дәрігер, еліміздегі оториноларингология саласындағы тәжірибелі әрі инновациялық маман Медет Елтайұлы Маханбет сөз сөйледі. Сонымен бірге «Болашақ» бағдарламасының стипендиаты, оториноларинголог-дәрігер, қазақ тіліндегі «Aqyl Battle» зияткерлік ойынының авторы Айболат Құлатай да өз пікірін білдірді. Барлық қатысушылар өз тәжірибелерімен бөлісіп, ойларын ортаға салды.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?