Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыМәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов ақылы тұрақтарға қатысты салынатын айыппұлдардың көлемін қысқартуды ұсынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мен жұмысқа да жаяу келуге тырысамын. Жалпы жаяу жүруге тырысамын. Ақылы тұраққа міндетті түрде біз де төлейміз. Сондықтан нақты бағасын айта алмаймын. Жалпы, бұл бір ғана адам үшін емес, мемлекет үшін маңызды мәселе. Негізі ақылы автотұрақтарды жою керек деп ешкім айтып жатқан жоқ. Біздің көтеріп отырғанымыз, бұл мәселені реттеу керек. Мемлекеттің теңгесі жекеменшік компанияға кетпеуі керек. 100 теңгенің 70 теңгесі жекеменшік компанияға, ал 30 теңгесі мемлекетке кетпеуі керек. Бұл жерде әділ реттеу болуы керек, біздің көтеріп отырғанымыз осы. Мысалы, 80-90 пайызы бюджетке кетсе деп отырмыз. Екіншіден, әлеуметтік маңызы бар орындарда, атап айтқанда, мектептің, балабақшаның, аурухананың, халыққа қызмет көрсету орындарының жанында ақылы тұрақ болмауы тиіс, - деді мәжілісмен.
Сонымен қатар депутат айыппұлдардың көлемі де әділ болуы керек екенін атап өтті.
Мысалы, 100 теңгені төлеу керек екенін білмей, көрмей қалсаң, оған 5000 теңге айыппұл төлеу тым көп. Бүгінде қала әкімдігі бұған дейінгі шешімдерді орындауға мәжбүр болып отыр. Сондықтан оларға да кінә тағуға болмайды. Біз заң шығарушы орган ретінде оларға осы мәселені шешуге барынша көмектесетін боламыз, - деді Аймағамбетов.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары