Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіҚытайдағы Shuntian Chemical Group компаниясы бойдақ немесе ажырасқан қызметкерлерін некеге тұрғызуға мәжбүрлейтін жаңа заң енгізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Кәсіпорында 1200-ден астам адам жұмыс істейді. Жаңа талапқа сәйкес, 28 бен 58 жас аралығындағы барлық бойдақ немесе ажырасқан қызметкерлер 2025 жылдың қыркүйек айының соңына дейін үйленуі тиіс. Әйтпесе, олар жұмыстан шығарылатыны ескертілді.
Алайда қызметкерлер бұл талапты әділетсіз деп санап, арнайы бюроға шағымданды. Нәтижесінде, компания келесі күні некеге тұру туралы талапты алып тастап, ешкімнің жұмысынан айырылмайтынын хабарлады.
Мамандардың айтуынша, мұндай талаптар қызметкерлердің жеке өміріне араласу болып табылады және еңбек заңнамасына қайшы келеді. Сарапшылардың пікірінше, жұмыс орнында жеке таңдау еркіндігін сақтау маңызды.
Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады