23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Жұмыртқа — әлемдегі ең танымал әрі кең қолданылатын тағамдардың бірі. Оны таңғы асқа, салаттарға, тәтті және ыстық тағамдарға қосады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
ТСН сайтының мәліметінше, жұмыртқаны тұтынуға болмайтын жағдайлар бар.
Жұмыртқа — ақуызға, А, D, B12 дәрумендеріне, темір, фосфор және лецитинге бай өнім. Алайда, оның барлық адамға бірдей пайдалы бола бермейтіні анықталды. Кейбір жағдайларда жұмыртқа денсаулыққа кері әсер етуі мүмкін.
Бұл — балалар арасында кең таралған тағамдық аллергия түрі. Белгілері: бөртпе, ісіну, тыныс алудың қиындауы, ал ауыр жағдайда — анафилактикалық шок болуы мүмкін. Аллергия жұмыртқаның ағына да, сарысына да байланысты болуы ықтимал. Мұндай адамдар жұмыртқадан толық бас тартуы керек.
Жұмыртқаның сарысында 200 мг-ға дейін холестерин болады. Бұл жүрек-қантамыр жүйесі аурулары немесе атеросклерозы бар адамдар үшін қауіпті. Мұндай жағдайда жұмыртқа тұтынуды аптасына 2–3 данаға дейін шектеу ұсынылады.
Егер сізде созылмалы гепатит, өт тас ауруы немесе панкреатит сияқты аурулар болса, жұмыртқаның сарысы бауырға қосымша жүктеме түсіреді. Бұл жағдайда дәрігердің рұқсатымен тек ақуызын ғана қолдануға болады.
Шала піскен немесе шикі жұмыртқаларда сальмонелла бактериясы болуы мүмкін. Бұл улануға әкелетін қауіпті инфекция. Тәуекел тобына балалар, жүкті әйелдер, қарттар мен иммунитеті әлсіреген адамдар жатады. Сондықтан жұмыртқаны міндетті түрде термиялық өңделген күйінде тұтыну қажет.
Бұған дейін, ыстық күнде сусыздануды қалай анықтауға болатыны туралы жазған едік.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік