Кеше, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүрҚытайдың Эньчжоу қаласының тұрғыны іш ауруына байланысты шағыммен ауруханаға электросамокатпен барып, сол күні күтпеген жерден ана атанды. Бұл туралы South China Morning Post-қа сілтеме жасай отырып El.kz интернет порталы хабарлайды.
Оқиға 16 маусымда болған. Ли есімді әйел түскі астан кейін жайсыздық сезініп, артық тамақтанып қойдым деп ойлаған. Алайда ауырсыну күшейген соң ол электросамокат жалдап, жақын маңдағы медициналық мекемеге барған. Жедел тексерістен кейін дәрігерлер оның босанайын деп жатқанын аықтаған. Бір сағаттан соң ол салмағы 2,5 келі болатын ұл баланы дүниеге әкелді.
Ли өз сөзінде жүкті екенін мүлде білмегенін айтты. Айтуынша, етеккір циклі бұзылып жүргендіктен, уақытында келмегеніне мән бермеген. Жүктілікке тән токсикоз белгілері де болмапты.
Маған «сіз қазір босанасыз» дегенде аң-таң болдым, - дейді ол.
Ли отбасының алты жасар баласы бар және олар екінші жүктілікті жоспарламаған екен.
Әйел жүктілігі кезінде де күнделікті өмір салтын өзгертпеген, тіпті қаланың ішінде самокатпен қозғалған.
Бірақ балам аман-есен дүниеге келді, соған қуаныштымыз, - деп қосты әйел.
Кеше, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова