Бүгiн, 12:09
Зендеяны стиль иконасына айналдырған адам: Лоу Роуч туралы не білеміз?Астана қаласы Полиция департаментінің ЖПҚ ротасының командирі пара беруге көмектесті деген күдікке ілінді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Астана қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Астана қаласы Полиция департаментінің жол-патрульдік қызметі ротасының командиріне қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Әңгіме Алмаз Құлтанов жайлы.
Бір қызығы, Алмаз Құлтанов 2021 жылы өзіне қол жұмсамақ оймен өзенге секірген жүкті әйелді құтқарып қалған еді. Кейін бұл ерлігі үшін марапатталған. Енді арада екі жылдай уақыт өткенде оған сыбайлас жемқорлық бойынша айып тағылып отыр.
Лауазымды адам азаматтық іс бойынша оң шешім қабылдағаны үшін прокуратура жанындағы Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының бұрынғы қызметкері «Ж» есімді азамат арқылы сот жүйесінің қызметкерлеріне ірі мөлшерде пара беруге қастандық жасауға жәрдемдеседі деп күдіктенеді, - делінген мәліметте.
Антикор мәліметінше, «Ж» есімді азамат прокуратурада әкімшілік лауазымды атқара отырып, жедел қызметкер болмаған. Қылмыс жасау кезінде жұмыссыз болған.
8 маусымда тергеу сотының санкциясымен аталған адамдар қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда, - деп қосты агенттіктегілер.
ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Бүгiн, 12:09
Зендеяны стиль иконасына айналдырған адам: Лоу Роуч туралы не білеміз?Кеше, 17:41
ӘЧ-2026: қай құрама финалға жолдама алады?7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд