22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыАқтөбеде көрнекті тарихи тұлға Әбілқайыр ханның туғанына 330 жыл толуына орай ауқымды іс-шаралар өткізілуде. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті базасында «Әбілқайыр хан: қолбасшы, билеуші және саясаткер» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Конференцияда еліміздің белгілі ғалымдары мен әскери қолбасшы туралы терең зерттеу жүргізген шетелдік тарихшылар бас қосты. Олардың қатарында тарих ғылымдарының докторы, профессор Серік Әжіғали бар. Тарихшы Хан моласы қорымын зерттеуге 30 жылдан астам уақытын арнап, онда Әбілқайыр ханның жерленгенін дәлелдеген. Сондай-ақ іс-шараға шақырылған қонақтардың арасында Ұлы билеушінің ұрпағы - Амангелді Жангереев те болды.
Конференцияда ғалымдар өздерінің ғылыми зерттеулерін баяндап, отандық және шетелдік зерттеулердегі Әбілқайыр ханның тарихтағы орны, қайраткерлігі мен адами кескін-келбеті жайында талқылады.
Әбілқайыр ханның біздің тарихымыздағы рөлі мен маңызын қайта қарастыратын кез келді. Әбілқайыр хан бұл жай ғана тарихи тұлға емес, ол XVIII ғасырда болған Қазақ хандығының барлық аумақтық тұтастығын сақтау мен қалпына келтіруде шешуші рөл атқарды, - дейді тарих ғылымдарының кандидаты, Р.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының қызметкері Ернар Ужкенов.
Жиында Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының жетекші тарихшысы Ғалия Шотанова тарихты өскелең ұрпақтың бойына сіңірудің маңыздылығын атап өтіп, тарих ғылымына қызығушылық танытатын жастарды қатардан көргеніне ризашылығын білдірді.
Сонымен бірге, конференция аясында Жұбанов университетінің профессоры Гүлбану Ізбасарова «XVIII-XIX ғасырдың басындағы Ресей империясының аймақтық саясатындағы Батыс Қазақстан» монографиясын таныстырды.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев