29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыЖамбыл құтқарушылары қозғалтқыштың істен шығуына байланысты Алматы-Ташкент автожолының 570 шақырымында тоқтап қалған автобустан 51 адамды эвакуациялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Автобуста Өзбекстан мен Тәжікстан азаматтары болды, олардың арасында 5 мектеп жасына дейінгі балалар болған.
Оқиға орнына құтқарушылар шықты. Оқиға орнына жеткен кезде аталған автобус Қазақстан мен Өзбекстан Республикаларының шекарасындағы Жібек жолы (Черняевка) кеден бекетінен шығып, Астана қаласына бағыт алған, алайда автобустың қозғалтқышы бұзылып, Жуалы ауданы Нұрлыкент ауылының маңында қалып қойғаны анықталды. Барлық азаматтар Нұрлыкент ауылының мәдениет үйіне жеткізіліп, жылы орынмен және ыстық тамақпен қамтамасыз етілді.
Сол күні 17 сағат 30 минутта Шымкент қаласынан қосымша шақыртылған автобусқа отырғызылып 51 адам өз бағыттары бойынша жөнелтілді. Өз кезегінде жолда қалған жолаушылар діттеген жерлеріне тездетіп жетуіне атсалысқан барлық қызметкерлерге алғыстарын білдірді.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек