Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚазақстанда қаржы операцияларының қауіпсіздігі мен ашықтығын күшейтуге бағытталған бірқатар жаңа шара енгізілмек. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Қайрат Бижанов үкімет отырысында хабарлады, деп жазады El.kz интернет порталы.
Бижановтың айтуынша, енді бөтен банктік картаны 500 мың теңгеден жоғары сомаға толықтырғанда, міндетті түрде жіберушінің ЖСН-ін көрсету қажет болады. Бұған дейін тек алушының ЖСН-і ғана көрсетілетін. Сонымен қатар мұндай операцияларды мобильді қосымша немесе SMS арқылы растау мүмкіндігі қарастырылып жатыр.
Тағы бір маңызды жаңалық – 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап банктер банкоматтағы бейнебақылау жазбаларын кемінде 180 күн сақтауға міндеттеледі. Бұл күмәнді операцияларға қатысушыларды тез анықтауға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар клиенттерді биометриялық сәйкестендіру жүйесін енгізу – яғни бет әлпетін немесе саусақ ізін тану арқылы операция жасау мәселесі қарастырылып жатыр. Мұндай шаралар анонимді ақша аударымдарын шектеуге және банк жүйесінің көлеңкелі мақсатта пайдаланылу қаупін азайтуға бағытталған, – деді агенттік төрағасының орынбасары.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?