22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыЖолдауын жариялауды бастаған Елбасы Н. Назарбаев cөз басында бүгінгі әлемдік ахуалдың күрделі кезеңмен ұштасып отырғанын атап өтті. Президент алпауыт елдердің өзара санкциялары дүниені тығырыққа тірегенін айтты.
Сонымен қатар, Елбасы мұндай аса жауапты сәтте бірліктің сақталуы аса маңызды екенін, сондай-ақ, барша қоғам ел игілігі үшін аянбай тер төгу қажеттігін атап өтті.
«Біріміз бәріміз үшін, бәріміз біріміз үшін деген қағиданы ұстанып, еңбек етуге тиіспіз. Сәт сайын құбылған аласапыранға сай амал табуымыз керек. Ең жақсы жоспар уақыт талабына бейімделген жоспар болып саналады. Біз де заманның беталысына қарай, межелерімізді белгілеп, жоспарларымызды жөндеп отыруымыз қажет. Біздің мақсатымыз - елі бақытты, жері гүлденген Отанымыз Қазақстанды Мәңгілік Ел ету», - деді Н. Назарбаев.
Бұдан бөлек, Елбасы Қазақстанның алдағы межесі әлемдегі ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылып, бай да қуатты елдермен иық түйістіру мақсат екенін атап өтті. «Қазақстан-2050» бағдарламасын екі жыл бұрын жариялаған кезде, бұл межеге жетуге жолымызда қиындықтар кездесетінін, соған дайын болып, тиісті шаралар қабылдау керектігін айтқан болатынбыз. Біз осы мақсатқа жұмылғанда жететін боламыз. Мен бүгін жаңа қатерлер мен тың мүмкіндіктер қатар өрбіген жаңа жаһандық нақты ахуалда дамудың басты бағыттарын айқындайтын Қазақстан халқына арнаған Жолдауымды жариялаймын», - деді Н. Назарбаев.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев