Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыҚазақстанда соңғы жылдары қыркүйек айы қоғам үшін жаңа оқу жылы ғана емес, саяси кезеңнің де басталуы ретінде қабылдана бастады. Экономист Айбар Олжаевтың айтуынша, күз – елдің саяси өмірінде жаңа парақ ашылатын уақыт, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Саяси кезеңнің жаңа парағы жаңа оқу жылындай қыркүйектен басталатыны соңғы жылдары қоғам үшін үйреншікті жағдайға айналып келе жатқандай. Күз жақындап келеді, соған сәйкес жаңа саяси кезең таяп келеді. Әдетте жаңа саяси кезеңнің шымылдығын президент дәстүрлі жолдаумен ашатынын тағы білеміз, – дейді сарапшы.
Былтырғы «Әділетті Қазақстан: құқық үстемдігі, экономикалық өрлеу, қоғамдық оптимизм» атты жолдау ел ішінде кең талқыланған еді. Қоғамды қызықтыратын сауалдың бірі – сол тапсырмалардың қаншалықты орындалғаны.
Айбар Олжаев бұл тұрғыда нақты деректер келтіреді:
2025 жылдың алғашқы жартысында еліміздің экономикасы 6,2%-ға өскен. Бұл – жай сан емес, теңгерімді даму мен әртараптандырудың нәтижесі. Биылдың өзінде 196,3 млрд теңгеге 47 жоба іске қосылып, 2,9 мың қазақстандық жұмысқа орналасқан. 2025 жылдың қаңтар-маусым айларында ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 1,8 трлн теңгені құраған, - дейді экономист.
Оның сөзінше, экономикамен бірге әлеуметтік салаларға да басымдық берілген.
Ауылдық жерлердің инфрақұрылымын жаңғырту үшін биыл 177 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінген. Нәтижесінде елді мекендердегі жол, инженерлік желі, әлеуметтік нысандар жаңарып жатыр, – дейді ол.
Білім беру жүйесіндегі оң өзгерістер де ерекше назар аударарлық.
Жыл басынан бері 13,2 мың орындық 172 балабақша ашылып, «Жайлы мектеп» жобасы аясында 267 мың орындық 115 жаңа мектеп салынған. Ал жоғары білім алғысы келетін жастар үшін 2025–2026 оқу жылына 94 мыңға жуық мемлекеттік грант бөлінген. Қазір әрбір 3-түлек грант ала алады, – дейді қаржы саласының маманы.
Цифрландыру бағыты да ілгерілеп келеді. Қазіргі таңда мемлекеттік қызметтердің 91%-ы электронды форматқа көшкен. Азаматтар смартфон арқылы 38 түрлі цифрлық құжатты пайдалана алады.
Олжаевтың пайымдауынша, жолдау – жай ғана ресми құжат емес, ел дамуының нақты жоспары:
Жолдау – жай ғана құжат емес, елдің даму жоспары. Соңғы бір жылда жарияланған бастамалардың жүзеге аса бастағанын сандар да, нақты жобалар да айқын көрсетіп отыр.
Сарапшының пікірінше, алдағы үндеу де қоғамның назарын аударып, жаңа мақсаттарға жетелемек.
Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар