Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліСемейде учаскелік полицей бірнеше тұрғынның алғысына бөленді. Тәртіп сақшысы боранды күні жолда қалып қойған азаматтарға көмекке келген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Полиция мәліметінше, Қасқабұлақ ауылдық округінің жанында “Камаз” жүк көлігі жүруге ешқандай мүмкіндігі болмай, жолда тұрып қалған. Оларға учаскелік полиция инспекторы, полиция лейтенанты Ермек Құрманғажин дереу көмекке келген.
Автокөлік қауіпсіз жерге қойылып, тәртіп сақшысы жолда қалған Семей қаласының 5 тұрғынын өзінің үйінде қонақ еткен. Олар тәртіп сақшысының үйінде бір күн түнепті. Кейін жол ашылған соң полицей тұрғындарды қайта жолға шығарып салуға көмектескен.
Еске салсақ, бұған дейін Абай облысының Көкпекті ауданында автомобиль жолдарының жабылуына және шектеулердің енгізілуіне байланысты автомобильдер кептелісі пайда болған болатын. Соның салдарынан жалпы саны 100 жеңіл көлік, 15 жүк көлігі және 1 автобус қар құрсауында қалған еді. Күні кеше, 17 ақпанда ауа райының қолайсыздығына байланысты Абай облысында төтенше жағдай режимі енгізілді. Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өңірде қалыңдығы 80 метрге дейін қар түскен.
Оқи отырыңыз:
Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліКеше, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс