22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды«Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның техникалық парктерінде тәулік бойы жазғы тасымалдау кезеңіне жолаушылар вагондарын дайындау жұмыстары жүріп жатыр. Бұл жұмыстар жолаушылар үшін жазғы тасымалдауды барынша ыңғайлы және қауіпсіз ету үшін жүргізіледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ҚТЖ мәліметінше, регламентке сәйкес вагонның астындағы жабдықтар мен дөңгелектерді жоспарлы тексеру, вагондардың сыртын жуу және жүріс бөліктерін тазалау, тамбурлар мен тұтқаларды ішінара сырлау жүргізіледі. Одан бөлек терезелер толық тазаланып, ондағы резеңке таспалар мен тығыздағыштар ауыстырылады. Тексеру жұмыстары барысында барлық ақаулар жойылады.
Пойызды жолға шығару алдында барлық вагондардың еденнің, төбенің, үстелдердің үсті, дивандардың және терезелердің беттері санитарлық және дезинфекциялық өңдеуден өтеді. Дезинфекция санитарлық ережелерге сәйкес себу, тозаңдандыру және препараттармен сүрту әдісімен жүзеге асырылады.
Пойыз бригадасының қызметкерлері жеке қорғаныс құралдарымен (маскалар, қолғаптар, антисептиктер) қамтамасыз етілген. Сапар алдында қызметкерлер ауысым алдындағы медициналық тексеруден өтеді.
Өндірістік персонал үшін тұрақты негізде қауіпсіздік шараларын сақтау, алғашқы медициналық көмек көрсету және қызметтік әдеп нормаларын сақтау бойынша нұсқамалар жүргізіледі.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев