22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыКөлік министрлігі темір жолдар және су көлігі комитетінің қызметкерлері жолаушыларды тасымалдау қағидалары нормаларын сақтау бойынша әлеуметтік маңызы бар бағыттарда қатынайтын жолаушылар пойыздарын тексерді. Тексеру нәтижесінде әлеуметтік маңызы бар бағыттар бойынша жүретін жолаушылар пойыздарында 284 міндеттемелерді бұзушылық анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жауаптылар Астана-Алматы, Қызылорда-Петропавл, Астана-Шымкент, Қызылорда-Павлодар, Қызылорда-Көкшетау, Алматы-Жезқазған, Алматы-Саратов және т.б. әлеуметтік маңыздағы 20-дан астам жолаушылар пойызын тексерген.
Тексеріс барысында жолаушылар вагондарының ішкі және сыртқы келбетінің нормаға сай келмеуі, вагондарда кондиционерлердің болмауы және ерекше қажеттілігі бар жандарға жағдай жасамау, санитарлық-техникалық жағдайдың сақталмауы және т.б. фактілері тіркелді.
Айыппұлдардың жалпы құны 10 млн теңгеден асқан. Айыппұлдар Ұлттық тасымалдаушыға да, жеке тасымалдаушыларға да салынады. Тасымалдаушыларға 10 күн ішінде анықталған келісім міндеттемелерін бұзушылықтарды жою және оларды одан әрі болдырмау жөнінде шаралар қабылдау тапсырылды,-деп атап өтті министрліктен.
Айта кетейік, елімізде 110 тұрақты әлеуметтік маңызы бар бағыт бойынша пойыздар қатынайды. Жаздың соңына дейін комитет қызметкерлері қалған жолаушылар пойыздарын кестеге сәйкес тексереді.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев