Бүгiн, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынадыАқтөбе-Орск тасжолында жеңіл көлік аударылып, төрт жолаушы қайтыс болды, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі.
Оқиға 5 маусым күні сағат сағат 15:00 шамасында болды. Ақтөбе-Орск арасында жолаушылар тасымалдайтын Toyota Alphard көлігінің жүргізушісі Қарғалы ауданы Ащылысай ауылы маңында аударылып қалды. Оқиға салдарынан төрт адам мерт болып, бір адам ауруханаға түсті.
Автокөлік жүргізушісі Ақтөбе қаласынан Ресей Федерациясының Орск қаласына жолаушылар тасымалдайтыны анықталған.
Жол-көлік оқиғасынан бірнеше сағат бұрын полиция қызметкерлері көлікті тоқтатып, жол-көлік оқиғасының алдын алу үшін түсіндірме жұмысын жүргізген. Бірақ жүргізуші полицейлердің ескертуіне елемеген.
Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
Бүгiн, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынадыКеше, 13:39
Көк тудың артында тұрған тағдыр: Шәкен Ниязбековтің көпшілік біле бермейтін қыры7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді