23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіБір күні Бауыржан Момышұлы поезбен сапарға шығыпты.
Бір күні Бауыржан Момышұлы поезбен сапарға шығыпты. Үстінде қарапайым ғана қазақы киім болса керек, вагон ішінде арлы-берлі сапырылысқан жолаушылар батырға жол бере қоймапты. Купеге кіретін жер де қарбалас екен. Қолындағы заттарын қояйын десе, бір дәу қазақ шынтағымен тіреп: «Ей арық қойша тырмыспай, әрмен тұра тұрсаңшы», - деп жолын бөгепті. Ашуға булыққан Баукең қанша дегенмен батыр адам ғой сабыр сақтап, жайғасып алғанша үндемепті. Орналасқан соң, әлгі адамға отты жанарын қадай түсіп: «Ал, енді таныспаймыз ба, бір үйге тіреу болардай бойы-сойыңыз бар екен, кім боласыз?» – депті. Сонда әлгі палуан ыңыранып, сірә, мақтаныштан да кетәрі емес: «Кім екенімді танымай отырсың ба, герой боламын», деп омырауындағы Алтын жұлдызын ырғап қойыпты. Намысы келген Баукең енді: «Бұл Батыр атағын не үшін алдыңыз?» – деп қатқылдау үнмен тіл қатады.
–Жүз биеден жүз құлын алғаным үшін, – депті дәу қазақ гүрілдей сөйлеп. Одан сайын намыстанған батыр енді турасына көшіп:
–Айғыр шапты, байтал тапты! Онда сенің қандай қатысың бар?! – депті. Герой атағын саған емес, жүз құлын тапқан айғырға беру керек еді. Міне, көрдің бе текке мақтанып отырсың. Ал мына мен Москва түбінде – Волоколамск тас жолында қалың жауды жайратсам да омырауыма бір де медаль таққам жоқ, бірақ халық қойған Батыр атағым бар. Сонда барып сапарлас жолаушының кім екенін сезінген дәу қазақ бір қызарып, бір бозарып, не дерге білмей сасқалақтап: –Япыр-ай, әлгі Бауыржан деген адам сіз боласыз ба... Сіз боласыз ба? – дей беріпті.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады