30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыАлматыда жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған жүргізуші жауапқа тартылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жол қозғалысы қауіпсіздігін және құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған “Қауіпсіз жол” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында, Алматы қалалық полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу дерегін анықтады.
Саин көшесімен келе жатқан көлік жүргізушісі кері бұрылып, қарама-қарсы қозғалыс жолағына шығып, апаттық жағдай туғызды. Бұл маневр жол қозғалысы ережелерін бұзып қана қоймай, жол қозғалысының басқа да қатысушыларына қауіп төндіреді, - деді Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Серік Шумаев.
Аталған дерек бойынша жүргізушіге қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылды:
- алты ай мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыруға әкеп соғатын қарама-қарсы қозғалыс жолағына шыққаны үшін;
- 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салуды көздейтін апаттық жағдай туғызғаны үшін; - қауіпсіздік белдігін тақпаумен байланысты бұзушылықты бір жыл ішінде қайталап бұзғаны үшін 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салумен;
- 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салуды немесе 5-тен 15 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуды көздейтін ұсақ бұзақылық үшін.
Құқық бұзушының көлігі арнайы тұраққа жеткізілді. Алматы қаласының мамандандырылған ауданааралық әкімшілік сотының қаулысымен жүргізуші 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.
Алматы қалалық полиция департаменті жол қозғалысы ережелерін сақтаудың маңыздылығын және қоғамдық тәртіпті бұзатын іс-әрекетке жол бермеу керектігін еске салады. “Профилактика жылы” аясында және “Заң мен Тәртіп” қағидаттарына сәйкес әрбір азамат өз іс-әрекеті мен оның салдары үшін жауапкершілікті сезінуі тиіс, - деді, Серік Шумаев.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды