2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүрҚазақстандықтар жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін жасырын түрде айыппұл алып жатқандарын кездейсоқ білген, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Әлеуметтік желіде ешқандай белгілері жоқ көліктердің суреттері тарады, олар жасырын бақылау жүйелерімен жабдықталған болуы мүмкін деген күдік туындауда.
Астана қалалық Полиция департаменті осыған қатысты түсініктеме берді.
Жаңа әдіс – жасырын патрульдеу және мобильді тіркеу жүйелері
Полицияның мәліметінше, жол қауіпсіздігін арттыру және ЖҚЕ бұзушылықтарын тиімді тіркеу мақсатында Астанада жасырын патрульдеу тәжірибесі енгізіліп жатыр. Бұл үшін автоматтандырылған мобильді кешендер пайдаланылады.
Мұндай кешендерді пайдалану – халықаралық тәжірибеге сай келеді. Жасырын патрульдеу бірнеше елде тиімді құқықбұзушылықтың алдын алу құралы ретінде қолданылып жүр, – делінген ресми мәлімдемеде.
Ekin Xspotter – арнайы жабдықталған жасырын көлік
Атап айтқанда, Астанада «Ekin Xspotter» атты автоматтандырылған бақылау кешені бар. Ол ешқандай полиция белгілері жоқ қызметтік автокөлікке орнатылған. Биылдың өзінде осы құрылғының көмегімен 5 000-ға жуық құқықбұзушылық анықталған. Көпшілігі – жылдамдықты арттыру фактілері.
Бұл жүйелер жедел жәрдем мен қоғамдық көлікте де болуы мүмкін
Полицияның айтуынша, мұндай бақылау кешендері тек патрульдік көліктерге ғана емес, сонымен қатар жедел жәрдем, қоғамдық көлік және басқа да көліктерге орнатылуы мүмкін.
Қауіпсіздік үшін жасалған шара
Полиция жүргізушілерді алаңдамауға шақырады:
Егер сіз жол ережесін сақтасаңыз, бұл шаралардан еш қауіп жоқ. Басты мақсат – жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, - дейді полиция.
Бұған дейін Маңғыстауда қалааралық автобустарға жол ережесін тіркейтін жүйе орнатылғанын жазған едік.
2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова