Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыДәстүрлі әнші, «Серпер» тобының мүшесі, продюсер, өкінішке қарай, өмірден ерте өткен Биғазы Тұтқабековтің қызы Қарлығаш Биғазықызы «Қазақстан» ұлттық арнасындағы Qazaqstan дауысы жобасының «Көрмей тыңдау» кезеңінен сәтті өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қарлығаш жобаға келгендегі мақсаты әкесінің есімін өшірмеу екендігін алға тартты.
Бұрын көп адам танитын. Уақыт өте келе ұмыт бола бастағанын байқамын. «Биғазы?» деп ойланып қалады. Айтып түсіндірген соң барып есіне түсіреді. Қайта жаңғыртсам деймін. Сондықтан да Қарлығаш Биғазықызы деп әкемнің атымен шығып жүремін. Әкемнің атын өшірмеу мақсатында келіп тұрған жайым бер деді, - бойжеткен.
Қарлығаш бұл кезеңде Естайдың «Құсни-Қорлан» әнін шырқап, әділқазылар алқасының барлық мүшесін өзіне қаратты. Сол төрттіктің арасынан Қуандық Рахымның тобына қосылды.
Биғазы Тұтқабеков қазақтың ән өнеріне қоңыр даусымен, қазақы үнімен қосылып, дәстүрлі әннің майын тамызып орындаған шебер әнші еді.
Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері 2006 жылы небәрі отыздан асқан шағында жол апатынан көз жұмды. Өзі «Серпер» тобын құрып, бұдан бөлек «Аршын» тобы мен жас әнші Баян Нұрмышеваның продюсері болған.
Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар