30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыЖол апатынан қаза болған полиция капитаны Ғалым Арыстанбаевты жақындары мен әріптестері соңғы сапарға шығарып салды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Qazaqstan.tv-ге сілтеме жасап.
Ғалым 11 бала тәрбиелеп отырған көп балалы әке еді.
Сонымен қатар бүгін апаттан көз жұмған Абылайхан Әбішкенді де ақтық сапарға шығарып салды. 32 жастағы аға лейтенанттың артында жары мен 2 баласы қалды.
Еске салайық, 17 тамыз түнгі сағат бірдің шамасында Меркі-Шу-Бұрылбайтал автожолында жантүршігерлік жол апаты орын алды. Toyota Alphard маркалы көлігі қарсы бағытқа шығып кетіп, патрульдік полиция көлігімен соқтығысты.
Салдарынан 6 адам ажал құшты. Оның төртеуі Toyota Alphard жолаушылары, екеуі полиция қызметкері. Ал өзге 3 жолаушы мен жол апатына түрткі болған жүргізуші ауруханада жатыр.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды