Бүгiн, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерЖол апаты кезінде екі баласынан айырылған ана жүргізушілерге үндеу жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
2023 жылғы 1 тамызда болған жол апатында Любовь Бородина есімді әйелдің ұлы мен қызы қаза тапты. Қос қанатынан көз жазып қалған ана жүргізушілерді өміріне жауапкершілікпен қарауға шақырды.
Құрметті жүргізушілер, өмір бір-ақ рет беріледі. Асықпаңыздар, газды басқанша, тежегішті басқан дұрыс. Жақындарыңызды қайғыға салмаңыздар, – деді әйел.
Айта кетейік, Ақтөбе облысында «Жол қозғалысы қауіпсіздігі апталығы» акциясы басталды. Оның аясында полицейлер үш эвакуатордан тұратын автокеруен ұйымдастырып, жол апаттарында зақымдалған көліктерді көрсетті.
Сондай-ақ акция аясында жол апатынан зардап шеккендерге қан тапсыру шарасы ұйымдастырылмақ.
Бүгiн, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерКеше, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келедіКеше, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі