22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыАлматы қаласының Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты сержанттар мен запастағы офицерлерді даярлау бағдарламалары бойынша ақылы оқыту үшін азаматтық жоғары оқу орындарының студенттерін қабылдауда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қорғаныс министрлігі бағдарлама бойынша әскери кафедрасы жоқ жоғары оқу орындарының студенттеріне білім алуға мүмкіндік берілетінін атап өтті.
Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты бастығының бірінші орынбасары, полковник Ержан Қабышевтың айтуынша, оқыту түрлі әскери пәндер бойынша ауқымды дайындықты қамтиды.
Студенттер радиациялық, химиялық және биологиялық қорғаныс, әскери топография, атыс және саптық дайындық, жалпы тактика сияқты жалпы әскери пәндерді оқиды. Таңдаған мамандыққа байланысты пәндер басты назарға алынды, – деді ол.
Қабылдау процесі бірнеше кезеңнен тұрады. Үміткерлер медициналық комиссиядан, психологиялық тестілеуден, дене шынықтыру деңгейін тексеруден өтеді. Іріктеудің соңғы кезеңі – студенттердің оқу орындарындағы үлгерімінің орташа балын конкурстық талдау. Іріктеудің барлық кезеңдері бақылау комиссиясының қатаң бақылауында өтеді.
«Запастағы сержанттар» және «запастағы офицерлер» бағдарламалары студенттерге әскери мамандық алуға ғана емес, сонымен қатар өздерінің кәсіби дағдыларын едәуір кеңейтуге мүмкіндік береді. Бұндай біліктілік оларға азаматтық және әскери салада жаңа перспективалар ашады.
Запастағы сержант атағын алғысы келетін студенттер үшін оқу мерзімі бір жыл, ал оның құны – 250 000 теңге. Запастағы офицер болуды жоспарлағандар 500 000 теңге төлеп екі жыл оқуы керек.
Өткен оқу жылында запастағы сержанттар бағдарламасы бойынша 62 адам оқыды. Оларға «запастағы кіші сержант» атағы берілді.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев