28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар2024 жылы еліміздің жоғары білім саласын ашықтық пен қолжетімділіктің сапалы жаңа деңгейіне көшіру мақсатында Жоғары білім берудің бірыңғай платформасы іске қосылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ол тек процестерді автоматтандыру құралы ғана емес – бұл 2,6 миллион пайдаланушыны, мыңдаған білім беру бағдарламасы мен мемлекеттік жүйелермен ондаған интеграцияны біріктіретін ауқымды цифрлық экожүйе. ҚР ҒЖБМ Цифрландыру және мемлекеттік қызмет көрсету департаментінің директоры Нұрсұлтан Махатов ОКҚ алаңында аталмыш платформаның міндеттері жайында баяндады.
Жүйенің негізгі міндеттеріне келесідей қызметтер жатады: белгіленген кезеңділікпен және заңда көрсетілген мерзімде білім беру мониторингі мақсаттары үшін есептерді қалыптастыру; білім беру бағдарламаларының тізілімін жүргізу; жоғары білім беру саласындағы мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру; Платформада сақталатын деректер негізінде стипендия төлеу; барлық жоғары оқу орындарының ақпараттық жүйелерімен және мемлекеттік жүйелерімен интеграциялау, - деді спикер.Бүгінгі таңда Платформада 700 мыңға жуық студент, 44 мыңнан астам оқытушылар құрамы және 2,6 млн-нан астам түлек туралы мәлімет бар
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?