13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңызАсламбек Мерғалиев жоғары сот органының ұжымына Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының жаңадан тағайындалған төрағасы Назгүл Рахметуллинаны таныстырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Назгүл Мәуілханқызы өз ісін адал атқаратын әрі принципшіл маман. Еліміздің сот жүйесінде атқарған көп жылдық тәжірибесі бар. Оның осы аса жауапты лауазымға тағайындалуы Мемлекет басшысының зор сенімін білдіреді», - деп атап өтті А.Мерғалиев.
Ол Н.Рахметуллина өзінің барлық білімі мен тәжірибесін жұмсай отырып, қызметтік борышын абыроймен атқаратынына сенім білдірді.
Сондай-ақ Жоғарғы Соттың Төрағасы Талғат Ибрашевті Алматы облыстық сотының төрағасы болып тағайындалуымен құттықтады.
Сіз қай лауазымда жұмыс істесеңіз де әрқашан өзіңізді міндетіне жауапкершілікпен қарайтын білікті басшы, тамаша ұйымдастырушы ретінде көрсетіп келесіз. Сіздің алдыңызда үлкен міндеттер тұр. Сіздің осы міндеттерді абыроймен атқаратыныңызға сенімдімін», - деп атап өтті А.Мерғалиев.
Н.Рахметуллина мен Т.Ибрашевті құттықтай отырып, әріптестері оларға жаңа лауазымда биік мақсаттарға қол жеткізулеріне тілектес екендіктерін білдірді.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды