23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының төрағасы Асламбек Мерғалиев мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауында дауыс берді.
Ол Астана қаласындағы Quantum TECH School мектебінің ғимаратында орналасқан №169 сайлау учаскесіне барып, елорда тұрғындарымен бірге өз таңдауын жасап, бюллетеньді сайлау жәшігіне салды.
Партиялық тізім бойынша сайлауға Қазақстанда тіркелген жеті саяси партия жіберілген:
«Әділет» партиясы;
«Ақ жол» демократиялық партиясы;
Қазақстан Халық партиясы;
Жалпыұлттық социал-демократиялық партия;
«Ауыл» партиясы;
«Байтақ» жасылдар партиясы;
Respublica партиясы.
Сондай-ақ сайлауға бірмандатты округтер бойынша ұсынылған кандидаттар қатысуда. Орталық сайлау комиссиясының бұған дейін хабарлауынша, бір депутаттық мандатқа үш кандидаттан үміткер.
Еске салайық, сайлау учаскелерінде дауыс беру таңғы сағат 07:00-де басталды. Сағат 20:00-де дауыс беру аяқталып, сайлау комиссиялары бюллетеньдерді санауға кіріседі.
Ел бойынша сайлаушылар тізіміне 12 679 459 азамат енгізілген.
Қазақстанның 18 жасқа толған азаматтары дауыс беруге құқылы. Тіпті сайлау күні, яғни 29 қарашада 18 жасқа толған азаматтар да өз таңдауын жасай алады. Басты талап – азаматтың тиісті сайлау учаскесіндегі сайлаушылар тізіміне енгізілуі.
Азаматтар әкімдіктердің ресми сайттарындағы арнайы бөлім арқылы ЖСН немесе тұрғылықты мекенжайын енгізіп, өз сайлау учаскесін анықтай алады.
Сондай-ақ eGov.kz электрондық үкімет порталы арқылы сайлаушылар тізімінде бар-жоғын және қай учаскеге тіркелгенін тексеруге болады.
Бұдан бөлек, азаматтар жақын маңдағы сайлау учаскесіне хабарласып немесе тікелей барып, қажетті ақпаратты ала алады.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік