19.03.2024
13:32
3952
Жоғалған үш жасар қызды 300-ден аса адам іздестіріп жатыр

Жоғалған үш жасар қызды 300-ден аса адам іздестіріп жатыр

Күш ауылында жоғалып кеткен үш жасар қыз әлі іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Бала 17 наурызда түстен кейін үйінен шығып кетіп сол күйі оралмаған. Полицияға қыздың жоғалып кеткенін сағат 16:00 шамасында анасы хабарлаған.

Аудан әкімдігі арнайы іздеу тобы құрылып, жоғалған баланы іздеуге жергілікті тұрғындар да қосылғанын хабарлады.

Жалпы қазіргі таңда 300-ге жуық адам жұмылдырылды. Қазір арнайы үйретілген иттер арқылы ауқымды іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.

Еске салайық, кеше  үш жасардың қыздың із-түссіз жоғалып кеткенін хабарлған едік.