Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыШымкент қаласы Тұрғын үй басқармасының басшысы қаланың сейсмикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бөлінген бюджет қаражатын жымқыру бойынша күдікті екені анықталған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков басқарма басшысының ұсталған сәтінен видео жариялады.
Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті Шымкент қаласы Тұрғын үй басқармасы басшысының м.а. қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.
Лауазымды адам қаланың 216 тұрғын үйінің сейсмикалық тұрақтылығын технологиялық тексеру жөніндегі жұмыстарды орындауға бөлінген аса ірі мөлшерде алдын ала сөз байласу бойынша адамдар тобымен бюджет қаражатын жымқыру бойынша күдікті.
Залалдың алдын ала сомасы 120 млн теңгені құрайды.
Қатарлас қаржылық тергеу барысында шенеуніктің анасына ресімделген Түркістан облысының Қазығұрт ауылында монша кешенін салу арқылы жымқырылған қаражатты заңдастыру туралы нұсқасы тексеріледі.
Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар