Кеше, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһарыҚазіргі күні тез әзірленетін кеспе көжелердің түр-түрі бар. Десе де Тараздан шығатын бұқтырылған жылқы етінен жасалған «Нарын» көжесі өзінің құнарлы сорпасымен есте қалады.
«Нарын» тез әзірленетін кеспе көжесі 2013 жылдан бері шығып келеді. Кеспенің артықшылығы – өнімді дайындауға тек отандық өнімдер қолданылады, әрі тұздық ретінде 35 пайыз табиғи жылқы еті мен қазы майы қосылады. Бұл туралы el.kz сайтына «Восторг» кәсіпорынының менеджері Асхат Манатбаев хабарлады.
Оның айтуынша, жаңа жылдан соң «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының арнайы бағдарламасы қолдау көрсететін болса, өндіріс көлемін арттырып, Қазақстанның өзге қалаларына да жөнелту жоспарланып отыр. Көжеге жасанды бояу мен өнімді шірітпейтін дәрі қосылмайды. Құрамында бұқтырылған жылқы еті, пальма майы, кеспе, әртүрлі дәмдеуіштер бар.
"Восторг" кәсіпорынының менеджері, Асхат Манатбаев:
«Кәсіпорын Тараз қаласында орналасқан. Шағын кәсіпорында он шақты адам жұмыс істейді. Алғашқы уақыта жергілікті нарыққа ғана ыңғайланған еді. Қазіргі күні Алматы, Астана, Шымкент өңірлерінде сатылып жатыр. Біздің мақсатымыз – қытай лапшаларын ығыстырып, орнына сапалы отандық өнім ұсыну. Жылқының етін шағын пакеттерге саламыз,ал кеспе табиғи, таза өнім.
Кеспелердің сақтау мерзімі 3 ай. Жаңа жылдан кейін соны технологияларды пайдалана отырып, сақталу мерзімін ұзартпақ.
Кеше, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһарыКеше, 11:03
Дәрігерлерді қорғаудың жаңа жолы: Қазақстанда кімдерге 13 млн теңге төленеді14 Қазан, 18:14
АПВ-ға қарсы вакцина жүктілікке қалай әсер етеді? Ғалымдар зерттеу нәтижесін жариялады13 Қазан, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынады