Кеше, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізедіОрталық сайлау комиссиясының кезекті 17 отырысында ҚР Президенттігіне үміткер Жигули Дайрабаев президенттікке кандидат ретінде тіркелді, деп хабарлайды El.kz
ОСК мүшесі Асылбек Смағұлов «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының атынан ұсынылған Жигули Дайрабаевты Президенттікке түсу туралы өтініші қаралғанын, мемлекеттік тілді еркін меңгергендігі анықталғанын айтты.
ОСК шешіміне сәйкес, Жигули Дайрабаев Президенттікке кандидат ретінде тіркелді. Қазақстанның барлық өңірлерінен125081 азаматтың қолы жиналды. Оның ішінде бүгінгі күні 122246 тексерілді және 119975 сенімді деп танылды.
«Ауыл» партиясымен сайлауалды дайындық жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Сайлауда мына азамат мықты, мына азамат әлсіз деп айта алмаймын. Саяси додада біз өзіміздің тәжірибемізді Қазақстанның әлеуметтк-экономикасының дамуына жұмсаймыз. Сайлаушыларға айтарым береке-бірлікті сақтау маңызды», - деді Президенттікке кандидат Жигули Дайрабаев.
Айта кетейік, ОСК хатшысы отырыста Мұхтар Ерман кезектен тыс сайлауға 4 халықаралық ұйымдар мен 1 шет мемлекеттен 43 байқаушының кандидатуралары аккредиттеуге ұсынылғанын айтты.
Кеше, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды20 Шілде, 09:39
«Ботаникалық бақта пикник жасауға болмайды»: рейдтен кейінгі көрініс16 Шілде, 17:14
Финалда Испания жеңіске жетеді – сарапшы болжамы