Кеше, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керекҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Ресей әскерінің сапында Украинадағы соғысқа аттанған қазақстандық Марғұлан Бекеновтің әрекетіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Естеріңізде болса, Марғұлан Бекенов Ресейдің «Вагнер» жеке әскери компаниясының қатарын толықтырған болатын. Кейіннен ол видео арқылы бұл ұйымға өз еркімен кіргенін мәлімдеді.
Ресей әскерінің қатарында соғысқысы келетін қазақстандықтарға бес жылдан тоғыз жылға дейін жаза қарастырылғанын ескертеміз. Біздің елдің азаматы «Вагнер» жеке әскери компаниясының құрамына өз еркімен кіргенін видеодан көрдіңіздер. Ол жақта ешқандай да романтика жоқ. Жігіттер, бұл сендердің соғыстарың емес. Абайлаңдар, туыстарыңды ойлаңдар дегім келеді. Бәрің ересек адамсыңдар. Бұл жігіт те кәмелет жасына толған. Шешімді өзі қабылдаған. Өкінішті. Біз оның ата-анасымен байланыстамыз. Тиісті сауалды Ресей Федерациясына жолдадық, - деді ол.
Кеше, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керекКеше, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды10 Қыркүйек, 09:01
Швейцарияға барсаңыз, осы қателіктерді жасамаңыз: тәжірибелі гидтен 15 кеңес