Бүгiн, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыЕлордалық ювеналды полиция инспекторы 17 жасар қыз баланың өмірін құтқарып қалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Полицияға Сауран көшесіндегі үйдің 9-қабатындағы терезеден бір қыз секіргелі отырғаны туралы қоңырау келіп түсті. Оқиға орнына патрульдік полиция жіберілді. Сонымен қатар тәуліктік кезекшілікте болған ювеналды полиция бөлімінің учаскелік инспекторы Әсемгүл Құдайбергенова дереу жеткен. Полицейлер қыздың көпқабатты үйдің ашық терезесінде отырғанын және оған жақындап қалса, секіремін деп қорқытқанын анықтады, - делінген ақпаратта.
Әсемгүл Құдайбергенова санаулы секундтарда жасөспірімнің мәселелеріне тереңірек үңіліп, оның сеніміне кіруге тырысқан. Әрі қарай қолайлы сәтті пайдаланып, қыз балаға қарай тез жүгіріп барып, оны ішке қарай тартып кіргізген. 17 жастағы бойжеткеннің мұндай қадамға жас жігітпен жанжалдасуынан барғаны анықталды. Оған психологиялық көмек көрсетілді.
Әсемгүл Құдайбергенова ішкі істер органдарында 20 жылдан бері қызмет етіп келеді. Ол бес баланы тәрбилеп отыр.
Бүгiн, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыКеше, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек