12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікДостарымен кездесу үшін көршісінің көлігін заңсыз айдап кеткен жігіт қолға түсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Түркістан қалалық полиция басқармасының қызметкерлері көлік ұрлығына қатысы бар деген күдікпен жас жігітті ұстады. Оқиға түнгі уақытта болған. Жас жігіт көпқабатты үйлердің ауласында тұрған көршісінің автокөлігіне көзі түскен. ВАЗ көлігінің есігі ашық қалған соң, ол осы сәтті пайдаланып, рөлге отырған. Содан көлікті оталдырып, достарына жетіп алу үшін айдап кеткен.
Оқиға орнына жеткен соң, қиылыстардың бірінде автокөлікті қалдырып кеткен. Тәртіп сақшылары ұрланған көлікті дер кезінде анықтап, заңды иесіне тапсырды. Қазіргі таңда күдікті қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.
12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер