6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерҚазақстандық Жібек Құламбаева жұптық сында Скопье (Солтүстік Македония) ITF W40 турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Соңғы кезде жұптық сында сәтті өнер көрсетіп жүрген қазақстандық теннисші литвалық Юстина Микульскитемен бірге аталмыш жарыстың 1-ракеткалары болып тіркелген.
Турнир барысында қазақстандық-литвалық жұп үш кездесуін жеңіспен тәмамдады. Жартылай финалда олар грекиялықтар Элени Христофи — Димитра Павлоудың меселін қайырды – 6:1, 6:2.
Ж.Құламбаева мен Ю.Микульскитенің финалдағы қарсыластары кейін анықталады.
Қазақстандық спортшы бұған дейін Рим мен Прагада жұптық сында үздік шыққан еді.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі