23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіҚазақстан Республикасының Бас прокуратурасы делегациясы бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиевтің басшылығымен Душанбе қаласында өткен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы-мемлекеттердің бас прокурорларының Үйлестіру кеңесінің 35-отырысына қатысты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Іс-шараға Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан прокуратураларының басшылары мен өкілдері қатысты.
Кездесу барысында қылмысқа қарсы іс-қимыл, азаматтардың құқықтарын қорғау және прокурорлық қадағалаудың өзекті мәселелері талқыланды. Сондай-ақ прокуратура органдары қызметінің цифрландырылуы бойынша тәжірибе алмасуға ерекше назар аударылды.
Ғалымжан Қойгелдиев азаматтардың өтініштерін қараудың ашықтығы мен жеделдігін арттыруға бағытталған цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектті енгізу жөніндегі қазақстандық тәжірибені таныстырды.
Отырыс қорытындысы бойынша бірқатар шешімдер қабылданып, ТМД мемлекеттері Бас прокуратураларының заңсыз көші-қонға қарсы іс-қимыл саласындағы ынтымақтастығы туралы келісімге қол қойылды.
Аталған келісім аймақтық қауіпсіздікті нығайту жөніндегі құқықтық және ұйымдастырушылық шараларды реттейді.
Үйлестіру кеңесінің жұмысы аясында прокуратура органдарының басшылары Тәжікстан Республикасының президенті Эмомали Рахмонмен кездесті. Мемлекет басшысы прокуратура органдарының заң үстемдігін қамтамасыз етудегі, өзара сенімді нығайтудағы және ТМД мемлекеттеріарасындағы серіктестікті дамытудағы маңызды рөлін атап өтті.
Сонымен қатар Ғалымжан Қойгелдиев бірқатар екіжақты кездесулер өткізіп, құқықтық көмек көрсету және жекелеген қылмыстық істер бойынша өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады