29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыҚазақстанда жасанды интеллект құрылыс, өнеркәсіп, медицина және кәсіпкерлік салаларында кеңінен қолданылып жатыр. Үкімет отырысында айтылған мәліметтерге сүйенсек, жаңа технологиялар тек процестерді жеделдетіп қана қоймай, нақты нәтижелер беріп отыр.
Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев құрылыс саласында жасанды интеллект барлық кезеңде қолданылып жатқанын айтты.
«Бүгінде жасанды интеллект құрылыс саласының барлық кезеңінде – жобалаудан бастап бақылауға дейін енгізіліп жатыр. “Компьютерлік көру” технологиясы нысандардың нақты жағдайын жобамен салыстыруға мүмкіндік береді», – деді министр.
Оның сөзінше, пилоттық жоба аясында сәйкессіздіктерді анықтау уақыты айтарлықтай қысқарған.
«Бұрын мұндай тексерулерге 3 күнге дейін уақыт кететін. Қазір бұл процесс 4 сағатқа дейін қысқарды», – деді ол.
Қалалардың цифрлық егіздері жасалады
Министрдің айтуынша, дрондар арқылы қалалардың цифрлық егіздерін жасау жұмыстары да жүргізіліп жатыр. Бұл қалалық инфрақұрылымды нақты деректер негізінде басқаруға мүмкіндік береді.
«Жобаларды сараптау кезеңінде BIM-модельдерді тексеруге жасанды интеллект енгізу жоспарланып отыр. Бұл ел бойынша бірыңғай талаптарды қамтамасыз етеді», – деді Ерсайын Нағаспаев.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек