Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыҚазақстанда қоғамдық орындарды тәулік бойы бақылайтын жасанды интеллект (ЖИ) технологиясына негізделген ұлттық бейнемониторинг жүйесі енгізілмек, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бұл туралы Сенатта премьер-министр орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев мәлімдеді.
Оның айтуынша, жаңа жүйе адамдардың жүзін, автокөлік нөмірлерін тануға, сондай-ақ төбелес, адамдардың шоғырлануы немесе тастап кеткен заттар сияқты күмәнді жағдайларды анықтауға мүмкіндік береді.
Біз қоғамдағы бейбітшілік пен әділдікті қамтамасыз ету және мемлекеттік институттардың тиімді жұмыс істеуі үшін заманауи технологияларды пайдалану қажет екенін түсінеміз. Әсіресе жасанды интеллект құқықтық қызметтердің сапасын арттыруға, құқық қорғау органдарының жұмысын тиімді етуге және азаматтардың құқығын қорғауға көмектеседі, – деді Мәдиев.
Министрдің сөзінше, бұл бағытта ведомство құқық қорғау органдарымен бірлесіп ауқымды жұмыс жүргізіп жатыр. Сондай-ақ ол жүзеге асырылып жатқан шешімдердің бірі ретінде азаматтарға құқықтық ақпаратқа қолжетімділікті жеңілдетіп, заң саласындағы сұрақтарға жедел әрі нақты жауап беретін «ЖИ-құқықтық кеңесші» жүйесін атап өтті.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары