22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыҚазақстанда медико-әлеуметтік сараптамадан өтетін азаматтарға мүгедектік тобын белгілеу процесі жақын уақытта жасанды интеллекттің көмегімен жүзеге асырылмақ, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ЖИ негізінде жұмыс істейтін арнайы модель әзірлеп жатыр. Ол медициналық құжаттардағы мәліметтерді тану, құрылымдау және толықтығын тексеру сияқты процестерді автоматтандыруға бағытталған.
Министрліктің мәлімдеуінше, жаңа жүйе диагноздарды еңбекке жарамдылықтың жоғалу дәрежесімен сәйкестендіреді және халықаралық аурулар классификациясына сүйене отырып, алдын ала қорытынды ұсынатын болады. Бұл технология мүгедектік топтарын тағайындау кезіндегі адам факторын азайтып, процестің ашықтығын арттыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдері төмендейді деп күтіледі.
Қазір жасанды интеллект моделін оқыту және медициналық ұйымдардың ақпараттық жүйелерімен біріктіру жұмыстары жүргізілуде. Диагностикалық қорытындылар, талдау нәтижелері және зерттеу материалдары толық цифрланып, ЖИ жүйесіне жүктеледі. Дайындық аяқталған соң пилоттық режимде жаңа форматты сынақтан өткізу жоспарланып отыр.
Қазақстанда ЖИ-дің мемлекеттік басқару мен әлеуметтік салаларға белсенді енгізілуі цифрлық реформалардың жаңа кезеңіне жол ашып отыр.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев