22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыЖасанды интеллект интернеттегі мақалалар саны бойынша адамдармен теңесіп, қазір бұл көрсеткіш шамамен бір деңгейде тұр, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бұл туралы Graphite компаниясының есебіне сілтеме жасай отырып Axios жазды.
Зерттеу мәліметтеріне сәйкес, «интернеттегі ЖИ жазған мақалалардың саны бір сәтке адамдар жазған материалдар санынан да асып кеткен». Бұл тарихи кезең 2024 жылдың қарашасында тіркелген. Сол уақыттан бері екі тараптың үлесі шамалас күйінде қалып отыр.
ЖИ көмегімен жасалған контенттің қарқынды өсуі 2023 жылы басталған. Бұған түрткі болған негізгі фактор – OpenAI компаниясы 2022 жылдың қарашасында ChatGPT чат-ботын іске қосуы.
Алайда есеп авторларының айтуынша, ірі іздеу жүйелері әлі де адам жазған мәтіндерге басымдық береді. Мәселен, Google көрсететін материалдардың 86%-ы адамдардың еңбегі, ал ЖИ үлесіне тек 14% ғана тиесілі. Сол сияқты ChatGPT мен Perplexity секілді жүйелердің де 82% сілтемелері адам жазған мақалаларға, ал 18% ғана жасанды интеллектке тиесілі.
Бірақ Google өкілдері атап өткендей, қазіргі таңда ЖИ әртүрлі мақсатта кеңінен қолданылып жүргендіктен, контентті нақты «адам жасаған» не «ЖИ жасаған» деп бөлу қиын.
Бүгінгі күні бұл салада дихотомиядан гөрі симбиоз (яғни өзара бірігу мен толықтыру) орнағанын байқаймыз, - дейді Калифорния университетінің (Лос-Анджелес) информатика профессоры Стефано Соатто.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев