Кеше, 13:39
Көк тудың артында тұрған тағдыр: Шәкен Ниязбековтің көпшілік біле бермейтін қырыТөрт түлік бағу қаншама еңбек пен төзімділікті талап етеді. Сондан да болар, қазір мал шаруашылығынан бастарын ала қашатындардың қатары көбейді. Дегенмен дамыған заманда озық технологияның көмегімен мал бағуға болады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Иә, жаңсақ естіп тұрған жоқсыз. Қазірдің өзінде табаннан тозбай-ақ ЖИ арқылы мал бағуға мүмкіндік бар. Отандық IT мамандары төрт түлікке GPS құрылғысын орнату арқылы, кез келген малдың қай жерде жайылып жүргенін оңай анықтай алады.
Соңғы үлгідегі GPS құрылғысы тек жайылым алқаптарындағы мәліметтерді ғана емес, малдың мінез-құлқын және денсаулық жағдайын да қатар анықтай алады. Бұл құрылғының интернетсіз де жұмыс істеуі фермерлерді қатты қуантып отыр. Себебі, кейбір таулы аймақтар мен шатқалдарда интернет жылдамдығы өте төмен.
Осылайша, ЖИ технологиясы ауыл шаруашылығына да оң септігін тигізіп бастады. Алдағы уақытта еліміздің барлық аймағын дәл осы заманауи құрылғымен қамтамасыз ету жоспарланып отыр.
Кеше, 13:39
Көк тудың артында тұрған тағдыр: Шәкен Ниязбековтің көпшілік біле бермейтін қыры7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?