Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыНидерландта McDonald’s компаниясы жасанды интеллект көмегімен әзірленген ерекше жаңажылдық жарнамасын көпшілікке ұсынды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Ең таңғаларлығы, бұл ролик көрермендерге бірден ұнады. Бұған себеп, McDonald’s бұрынғыдай классикалық мерекелік бейнелерді қайталауға тырыспай, мүлде жаңа, қазіргі уақыттың шынайылығын көрсететін идеяны таңдаған.
Көп жағдайда Рождествоға арналған видеолар жылылық пен ертегіге толы болып келеді. Ал бұл жолы бренд мерекенің көңілді тұсына емес, адамдардың шапқылап жүріп бәріне үлгеруге тырысатын күйбеңі мен қысқы қиындықтарға назар аударған. “Жылдың ең мазасыз кезеңі” деп аталатын роликте мереке қарсаңындағы қарбалас шынайы түрде бейнеленген.
Көрермендердің айтуынша, бейнені ЖИ-дың жасағаны әсерді бұзбайды, керісінше, жұмыс сюжеттің өзі арқылы тартымды болған. Тіпті видеодағы жасанды интеллекттің кейбір оғаш тұстары мерекелік көңіл күйді ерекше етіп көрсеткенін жазғандар да бар.
Сондай-ақ, осы роликтың арқасында компания өнімдеріне деген сұраныс үш есеге артқан екен.
Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар