20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекДубайдағы (БАӘ) Gastronaut Hospitality компаниясына қарасты Woohoo мейрамханасында тағамдарды мыңдаған рецепт пен дәм үйлесімділігіне негізделген деректер бойынша оқытылған «Шеф Айман» есімді жасанды интеллект әзірлейді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
South China Morning Post (SCMP) газетінің дерегінше, 2025 жылдың қыркүйегінде ашылған бұл мейрамхана өзін «гастрономияның болашағы» ретінде таныстырады.
Жоба тарихы мейрамхана иесі Ахмет Ойтун Чакирдің шығармашылық дағдарысқа тап болған сәтіндегі экспериментінен басталған. Жаңа тағам ойлап табу үшін ол ChatGPT-ге жүгініп, рецепт сұрайды. Нейрожүйе оған дәмдеуіштермен дайындалған қой етін ұсынған.
Бұл таңғаларлық жағдай болды. Біз бірден суретке түсіріп, мәзірге қостық. Сол сәттен бастап ол ең көп сұранысқа ие тағамға айналды, – дейді мейрамхана иесі.
ЖИ-аспаз – БАӘ-дағы Vivid Studios компаниясы әзірлеген Umai моделіне негізделген аватар. Ол көзілдірік таққан, болашағы бар футуристік келбеті бар, орта жастағы ер адам бейнесінде жасалған. «Шеф Айман» көптеген рецепттер мен тағам жөніндегі мәліметтерден жинақталған білімді қолданып, ас үйді басқарады.
Woohoo мейрамханасы гастрономияда жасанды интеллектті қолданудың эксперименттік үлгісі саналады. «Шеф Айман» әртүрлі ингредиенттер мен дәм үйлесімдерін біріктіре отырып, жаңа тағамдар жасай алады. Мұндай тәсіл болашақта мейрамхана индустриясының дамуына және тамақ дайындау әдістеріне елеулі әсер етуі мүмкін.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?